«Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ, 140000, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 72-үй, 2-қабат, 3-кабинет, телефон: (8 7182) 32-82-56, факс: 32-88-50, электронды мекенжайы: kense.da@pavlodar.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына (төменгі емес) орналасуға Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нің мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды: Аумақтағы құрылыс және жоспарлау бөлімінің басшысы, D-О-3 санаты (лауазым индексі № 2-2-1). Еңбекақысы еңбек еткен жылдарына байланысты – 109932 теңгеден 148242 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Бас жоспардың және өзге де қала құрылысы құжаттамасының іске асырылуына бақылау жасау, құрылыс жүргізу ережелерінің талаптарын сақтау. Бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес объектілерді салуға жер учаскелерін таңдау. Құрылыс объектілерін орналастыру мәселелері жөнінде ұсыныстар дайындау.

Бөлім қызметін ұйымдастыру, бөлімнің орындаушылық және еңбек тәртібіне бақылау жасауды жүзеге асыру. Азаматтардың хаттарын, өтініштерін және шағымдарын қарау.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Сәулет» мамандығы бойынша өнер саласындағы, «Құрылыс» мамандығы бойынша техникалық ғылым және технологиялар саласындағы, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес саласындағы жоғары білім.  Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 3) А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес; 4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес; 5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;* 6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 7) ғылыми дәрежесінің болуы.* Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтініш; 2) тиісті органның персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде ұсынылуы тиіс.  Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық пошта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-де өтеді. Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер конкурстық комиссияның шешімі бойынша уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағымдана алады.