Павлодар қаласының Бас жоспары бекіту

2018 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген Павлодар қаласының Бас жоспары бекітілді.

Ол қала құрылысының аймақтарға бөлуді, көліктік және инженерлік коммуникациялар, көгалдандыру және көріктендіру жүйесін белгілейтін кешенді жоспарлануын анықтайтын негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады.

2005 жылы әзірленген қолданыстағы бас жоспарда қаланың 2015 жылға дейінгі дамуы көзделді.

Осыған байланысты, 2015 жылы бас жоспарды түзету жұмыстары басталды.

Павлодар қаласының бас жоспары облыс орталығының тұрақты дамуының 2032 жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегиясын көрсетеді.

Бас жоспарда табиғи-климаттық жағдайларды есепке ала отырып, әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымды, сондай-ақ функционалдық аймақтарға бөлуді, резервтік аумақтар мен табиғи және техногендік құбылыстардың, процестердің қауіпті әсерінен қорғау, экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі шараларды қоса алғанда Павлодар қаласының аумағын дамытудың негізгі бағыттары айқындалды.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін Бас жоспарда келесі міндеттер шешіледі:

қалыптасқан ортаның параметрлерін, бұрын қабылданған қала құрылысы шешімдердің қажеттілігін ескере отырып, тіршілікті қамтамасыз етудің қолда бар ресурстарын талдау негізінде аумақтың қала құрылысын дамыту проблемаларын анықтау;

аймақтық және жергілікті билік органдары мүдделері теңгерімінің негізінде аумақтың дамуын басқаруды қамтамасыз ететін кеңістіктік дамудың негізгі бағыттарын және параметрлерін анықтау;

қала аумағында қала құрылысы қызметін қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінің ресурстарын құруды қалыптастыруға қойылатын талаптарды ескере отырып, электрондық бас жоспар құру.

 

Әлеуметтік-экономикалық даму

Қаланың алдағы уақытта әлеуметтік-экономикалық дамуы қолда бар тиімді үйлесім мен экономиканың мемлекеттік және жеке секторларының өзара іс-қимылы есебінен жалғастырылатын болады.

Қала экономикасын дамытудың басым бағыттары «Павлодар» арнайы экономикалық аймағын дамыту, мұнай өңдеу және металлургия салаларын дамыту, басым секторлардағы өңдеу өнеркәсібін, ауылшаруашылық қайта өңдеу және шағын және орта бизнесті дамыту болып қала бермек.

Әлеуметтік қарқынды даму қаланың ғылыми-техникалық, білім беру, мәдени, өндірістік және инфрақұрылымдық әлеуеттерді арттыру есебінен қамтамасыз етілетін болады.

 

Тұрғын үй құрылысын дамыту

Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары және коммерциялық құрылыс салу есебінен 2032 жылға қарай тұрғын үй қорының алаңы 2,5 млн. шаршы метрге, яғни қазіргі 7,1 млн. шаршы метрден 9,5 млн. шаршы метрге дейін өсуі күтілуде.

Бұл бірінші кезекте екі көп қабатты шағын аудан: 256 мың шаршы метрге жобалық үй саны 40, ауданы 72,0 гектар «Сарыарқа» және 470 мың шаршы метрге үй саны 190, ауданы 95 гектар «Достық» шағын аудандарының құрылысы есебінен іске асырылатын болады.

 

Көлік инфрақұрылымын дамыту

«Нұрлы жол» көпірін пайдалануға беру Павлодар және Ақсу қалалары арасындағы көлік ағынының артуын қамтамасыз етті, сол арқылы аталған екі қаланың агломерациясын құру үшін алғышарттар жасалды.

«Орталық-Шығыс» көлік дәлізін одан әрі дамыту шеңберінде қаланың оңтүстік бөлігінде көлік-логистикалық орталық және жолаушылар торабын құруды қарастырдық.

Қаланың жол желісін жақсарту үшін негізгі магистральдарды кеңейту, автомобиль ағынын орталық көшелерден параллель көшелерге ауыстыру және көлік жүретін жаңа бөлігін жобалау мен трамвай көлігін дамыту көзделген.

Халықаралық, транзиттік және ішкі жолаушылар ағынын арттыру мақсатында қолданыстағы әуежайды жаңғырту жүргізілетін болады.

 

Инженерлік инфрақұрылымды дамыту

Салынып жатқан шағын аудандарды және қаланың артып келе жатқан тұтынушылық жүктемелерін инженерлік инфрақұрылыммен жабу үшін жаңа инженерлік коммуникациялар, жылу, электрмен және сумен жабдықтау нүктелері құрылысы көзделген.

 

Инфрақұрылымдық жобалар

Облыс орталығын алдағы уақытта инфрақұрылымдық дамыту ұзындығы 10,5 км Кутузов көшесін қайта жаңарту, 14,0 мың шаршы метр жеңіл атлетикалық манежді, 8,0 мың шаршы метр футбол манежін, ауданы 6,0 мың шаршы метр олимпиадалық резервті даярлау орталығын, алаңы 4,6 мың шаршы метр мұз айдынын қамтитын «Спорт-сити» спорт қалашығының құрылысы сияқты ірі жобалардың есебінен жүзеге асырылатын болады.

Бұдан басқа, ауданы 16 мың шаршы метр 1500 орынға арналған концерт залының, ауданы 7,1 мың шаршы метр, тостағаны 50/25 метр 300 орынға арналған трибуналары бар жүзу бассейнінің, ауданы 3,1 мың шаршы метр мұражай кешенінің құрылысы, олимпиадалық стандарттағы спорттық есу арнасының және триатлон, биатлон трассаларының құрылысы арқылы 540 га ауданда Ертіс өзенінің жайылма алқабын, сондай-ақ қолданыстағы Ертіс өзені жағалауын одан әрі дамыту жоспарланып отыр.