Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді еліміздің ұлттық мерекесі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен өзімнің және басқарып отырған басқарма ұжымының атынан құттықтаймын. Еуразия жүрегінде, өркениеттердің ұштасқан орталығында — Ұлы Далада, егемендік, бірлік пен бейбітшілік салтанат құрған азат елдің азаматы атанғаннан асқан бақыт жоқ. Осынау айтулы күні қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында баянды да бақытты ғұмыр кешуді тілейміз.

 

Құрметпен,

«Павлодар облысының

сәулет және қала құрылысы

басқармасы» ММ басшысы –

облыс бас сәулетшісі                                        Н. Какамбетов