2017 жылғы 24 наурызда облыс әкімдігінің кіші залында облыс әкімі Б.Ж.  Бақауовтың төрағалығымен облыс сәулет-қала құрылысы кеңесінің отырысы өтті.  Отырыста ұзақтығы 10,5 шақырым болатын Кутузов көшесін реконструкциялау, аумағы 600 га болатын жер еңісінде Олимпиадаға дайындық орталығы және Усолка шағын ауданында қалалықтардың демалысы үшін орман саябағын ұйымдастырып, рекреацияны дамыту жобалары, Екібастұз және Ақсу қалаларының қала құрылысы жобалары, кешенді шешімдері, Баянауыл ауылында инфрақұрылымдық маңыздағы объектілердің құрылыс салуы жөніндегі қала құрылысы жобалары (Сабындыкөл көлінің демалыс аймағы, Қаражар ауылындағы тау-шаңғы базасы және жол бойындағы сервис объектілерін орналастыру) мәселесі қаралды.