Мемлекеттік сатып алулар

«Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ мемлекеттік сатып алулар жоспары бойынша 2016 жылға жалпы сомасы 31 016,8 мың теңге болатын 43 мемлекеттік сатып алу жоспарланған. Оның ішінде 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша өткізілген сатып алу саны – 39, жалпы сомасы 26 239,7 мың теңге, соның ішінде: конкурс тәсілімен – 1; өткізілмеген конкурс бойынша бір көзден тәсілімен – 1; баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 1.

2016 жылғы 15 шілдеде құны 26 000,0 мың теңге болатын «Павлодар облысы елді мекендерінің электрондық геоақпараттық карталарын жасау» қызметін сатып алу бойынша конкурс жарияланды. 2016 жылғы 17 тамызда қорытындылар келтірілді, конкурс жеңімпазы – «Ashka GIS» ЖШС, Астана қаласы, сомасы 18 888,8 мың теңге. 2016 ж. 29.08. № 27 шартқа қол қойылып, облыс қазынашылық органында тіркелді. Шарт бойынша жұмысты аяқтау мерзімі – қазынашылық органында тіркелген сәттен 90 күнтізбелік күн ішінде.