Ішкі сыбайлас жемқорлық қауіптерді талдау

Облыс сәулет және қала құрылысы басқармасы (бұдан әрі – басқарма) 2016 жыл нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық жоспарға арналған ағымдағы жылғы 10 айға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі атқарылған жұмыс туралы мынадай ақпаратты ұсынып отыр.

Басқарма 2016 жылғы 26 мамырда бекітілген персоналды басқаруды бағалауды көтеруге бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірледі. Ішкі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне талдау жүргізу жүктелген жауапты тұлға белгіленді – ұйымдастыру-кадрлар және қаржы жұмысы бөлімінің бас маман-аудармашысы К.Т. Балтабаева, байланыс телефоны 8(7182)32-82-56.

Басқарманың штаттық саны 11 бірлікті құрайды, 2016 жылғы                  21 қазандағы жағдай бойынша – 9 бірлік, 2 – бос орын. Өз қалауымен                         2 қызметкер жұмыстан босатылды: ішкі бақылау жөніндегі бас маман                       Қ.А. Байболов, бас маман-аудармашының м.а. Ә.Қ.Ибышева; басқа жұмысқа ауысуға байланысты 1 қызметкер: басқарма басшысы А.Б. Балашов.

Есептік кезеңде «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға 3 конкурс жарияланды: 2 жалпы конкурс нәтижелері бойынша 2 адам қабылданды және 3 ай сынақ мерзімімен тағайындалды; 1 конкурс үміткерлердің жоқтығынан өткізілмеді.

Басқарма мемлекеттік қызметшілерін оқытудың 2016 жылғы І және               ІІ жартыжылдықтағы кесте-жоспарына сәйкес 2 мемлекеттік қызметші: Қ.М. Қабдрахманов, А.Қ. Ақпанов – алғаш қабылданған мемлекелеттік қызметшілерді қайта даярлау; А.Ж. Мәтенов, Қ.Т. Қабдылова – біліктілікті арттыру курстарында АОО-да оқытудан өтті.

Тоқсан сайын 8 әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымдық міндеттерін атқаруына бағалау жүргізілуде, бағалау нәтижелері: 2 – «тиімді», 6 – «қанағаттанарлық». 2016 жылғы есептік кезеңде әкімшілік, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жіберілген жоқ.

Басқарманың құжат айналымы ЭҚАБЖ-да жүргізіледі. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және қарау белгіленген тәртіпте жүргізіледі. 2016 жылғы 10 айда жеке тұлғадан – 4, заңды тұлғадан – 2 келіп түскен өтініш тіркеліп, қаралды. Жауаптарды ұсынуда заңнама талаптарын сақтау жағынан бұзушылықтар анықталған жоқ.

Басқарманың deparhpo.gov.kz ресми интернет-ресурсы қызмет етеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес басқарма мына мемлекеттік қызметтер түрлерін көрсету бойынша көрсетілетін қызметті беруші болып табылады:

— «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру»;

— «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру».

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары Қазақстан Республика-сының Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығымен бекітілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 142/5 қаулысымен бекітілді.

2016 жылғы 10 айда 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жағдайлары болған жоқ.

Басқарманың мемлекеттік сатып алулар жоспары бойынша 2016 жылға жалпы сомасы 31 016,8 мың теңге болатын 43 мемлекеттік сатып алу жоспарланған. Оның ішінде 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша өткізілген сатып алу саны – 39, жалпы сомасы 26 239,7 мың теңге, соның ішінде: конкурс тәсілімен – 1; өткізілмеген конкурс бойынша бір көзден тәсілімен – 1; баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 1.

2016 жылғы 15 шілдеде құны 26 000,0 мың теңге болатын «Павлодар облысы елді мекендерінің электрондық геоақпараттық карталарын жасау» қызметін сатып алу бойынша конкурс жарияланды. 2016 жылғы 17 тамызда қорытындылар келтірілді, конкурс жеңімпазы – «Ashka GIS» ЖШС, Астана қаласы, сомасы 18 888,8 мың теңге. 2016 ж. 29.08. № 27 шартқа қол қойылып, облыс қазынашылық органында тіркелді. Шарт бойынша жұмысты аяқтау мерзімі – қазынашылық органында тіркелген сәттен 90 күнтізбелік күн ішінде.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшісі күніне орай мемлекеттік рәміздер бейнеленген стенд жаңартылды, «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» стенді дайындалып, жаңартылды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшісі күнін тойлауға орай «Звезда Прииртышья» газетінде мақала жарық көрді.

Басқарманың мемлекеттік қызметшілері үшін олардың жұмыс шарттары қанағатандырады. Есептік кезеңде олар демалыс күндеріндегі жұмысқа тартылған жоқ, бекітілген демалыс кестесіне сәйкес 9 мемлекеттік қызметшінің 6-уы 2015-2016 жылдары кезеңіндегі кезекті еңбек демалысын пайдаланды.

Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 214/6 қаулысымен бекітілген «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге сәйкес басқарма сәулет және қала құрылысы қызметі саласында бақылаушы және рұқсат беруші функцияларды атқармайды. Басқарма мемлекеттік қызметшілеріне қатысты сыни жағдайлар мен арыздар туындаған жоқ. Басқарма қызметіне өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесінде сыбайлас жемқорлық қауіптері айқындалған жоқ.