Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін
жауапты тұлға туралы мәліметтер

№ р/р

Лауазымы

Т.А.Ә.

Байланыс телефоны

1

Өндірістік-экономикалық бөлімнің басшысы

Нұрмағанбетов Шыңғыс Қуандықұлы

8 (7182) 66 20 72

2

Аумақтағы құрылысы және жоспарлау бөлімінің бас маманы

Нұрғалиева Айнұр Оралбекқызы

8 (7182) 32 82 56

«Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ
көрсететін мемлекеттік қызметтердің атаулары

• «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру»;
• «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру».

 

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – күнтізбелік 30 (отыз) күн.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруді «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесі жүзеге асырады.
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдайды, тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні) бар көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесін береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарайды және жауапты қызметкерге орындау үшін жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттарды тексереді, «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Басқарма) келісу үшін сұрау жолдайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап дайындайды;
4) Басқарма келіседі немесе шешім беруді келісуден бас тартады, және көрсетілетін қызметті берушіге жауап жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері шешім немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап дайындайды және басшылыққа тексеруге ұсынады;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешімді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауапты тексереді және қол қояды;
7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері шешімді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауапты көрсетілетін қызметті алушыға береді.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы
(не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде
мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1. Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешімді алу үшін:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшада берілген нысан бойынша өтініш;
2) жеке тұлғалар үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшiрмесi;
3) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі болатын діни бірлестік, құрылыстың мақсаттары, аталған аумақта діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж келушілер саны, ғибадат үйінде (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметкерлерге үміткерлер көрсетілген);
4) ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланып отырған аумақта жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) ғибадат үйін (ғимаратын) салуға (жақын маңда ғибадат үйі (ғимараты) аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады, ) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі.
2. Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімді алу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшада берілген нысан бойынша өтініш;
2) жеке тұлғалар үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшiрмесi;
3) жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының көшірмесімен қоса, құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі және жер учаскесінің сәйкестендіру құжатының көшірмесі, нотариалды куәландырылған не салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылады;
4) жылжымайтын мүлiк нысанына ауыртпалықтардың жоқ екендігі туралы анықтама;
5) меншік иесінің үйді (ғимаратты) ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейіндеуге келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады);
6) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі болатын діни бірлестік, құрылыстың мақсаттары, аталған аумақта діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж, келушілер саны, ғибадат үйінде (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметкерлерге үміткерлер көрсетілген);
7) үйлерді (ғимараттарды) қайта бейіндеу жоспарланып отырған аумақта әрекет ететін жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) немесе үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының ғибадат үйін (ғимаратына) қайта бейіндеуге (жақын маңда ғибадат үйі (ғимараты) аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі.
Жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) немесе кондоминиум объектісінің органы болмаған жағдайда жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ғибадат үйіне немесе ғимаратына қайта бейіндеуге келісімі туралы хаты ұсынылады (үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) жеке тұлғаның үйі, заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің үй-жайы болған жағдайда ұсынылады).
Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, әкесінің аты (оның болған жағдайында), құжаттардың қабылданған күні, мерзімі және кіріс құжаттардың нөмірі көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушының қабылдап алғанын растау болып табылады.

 

Өтініш нысаны

1-қосымша

2017 жылғы 10.02 Жүктеу
Қарау

2-қосымша

2017 жылғы 10.02 Жүктеу
Қарау