Аумақтағы құрылыс және жоспарлау бөлімі

Павлодар облысы сәулет және қала құрылысы

басқармасының аумақтағы құрылыс және жоспарлау
cheap authentic jerseys
authentic jerseys
cheap nike jerseys
cheap jerseys wholesale
authentic jerseys wholesale
бөлімі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Аумақтағы құрылыс және жоспарлау бөлімінің (бұдан әрі — Бөлім) Павлодар облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Бөлім өз қызметін Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы туралы ережеге сәйкес жұзеге асырады.

3. Өз қызметінде Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен өкімдерін, Павлодар облысы әкімдігінің қаулыларын және облыс әкімінің, оның орынбасарларының өкімдерін, осы Ережені, басқарма бойынша бұйрықтарды басшылыққа алады.

2. Бөлімнің құрылымы

Бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі, сондай-ақ бөлімдегі лауазымдар тәртібі басқарма бастығымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

Бөлімді лауазымына басқарма бастығымен тағайындалатын және босатылатын бастық басқарады.

3. Бөлімнің функциялары

— Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес облыс аумағында мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясатын жүргізу;

— аймақтық бағдарламаларды әзірлеу;

— бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты жинау;

— бас жоспарларды, жоспарлау және аумақтағы құрылыс жүргізу жобаларын, облыстағы салуға арналған барлық имараттар мен ғимараттардың жобаларын қарауға қатысу, оларды жоғары тұрған органдарға бекітуге ұсыну;

— тарих, мәдениет және сәулет ескерткіштерін қорғау мемлекеттік және қоғамдық органдарына олардың тарих, мәдениет және сәулет ескерткіштерін, олар орнатылған қорғау аймақтарын қалпына келтіруді және пайдалануды қорғау жөніндегі функцияларын жүзеге асыруда жәрдемдесу;

— облыс әкімі, оның орынбасарлары, басқарма басшылығы үткізетін семинарларға, мәжілістерге, коллегияларға материалдарды дайындауға қатысу;

— ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру;

— нобай жобалар, жоспарлау және аумақтағы құрылыс жүргізу жобаларын әзірлеу;

— жаңа құрылыс технологияларын және құрылыс материалдарын ендіру;

— объектілерді жобалауға сәулет-жоспарлау тапсырмаларын қарау және беру;

— басқармаға келіп түскен құжаттарды құжаттардың уақытында және сапалы орындалуын қамтамасыз ету, Бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер жөнінде басқарма басшылығына ұсыныстар жасау;

— жоғары тұрған ұйымдармен, кәсіпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен жетекшілік ететін мәселелер жөнінде хат жазысу;

— Бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер жөнінде азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарау.

4. Бөлімнің негізгі міндеттері

Бөлімнің негізгі міндеттері:

— сәулет және қала құрылысы деңгейінің сапалы дамуын жүзеге асыру, ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру, тұрғын және қоғамдық ғимараттардың экстерьерлері мен интерьерлерін қайта құру және әрлеу бойынша қазіргі заманғы материалдарды ендіру;

— өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Заңын, Үкіметтің қаулыларын, Индустрия және сауда министрлігінің директивтік құжаттарын, облыс әкімі мен оның орынбасарларының нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алу болып табылады.

5. Бөлімнің құқықтары

Бөлім өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда және қолданыстағы заңнамаға сәйкес:

— өз құзыреті шегінде Бөлімнің алдына қойылған міндеттерді орындау жөніндегі ұсыныстар және шешімдердің жобаларын әзірлеп, басқарма бастығына ұсынуға;

— Бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер жөнінде Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының, облыс әкімдігі, облыс әкімі қаулылары мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыруға;

— өз құзыреті шегінде заңды, жеке тұлғалардан сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері жөнінде ақпаратты сұратуға және алуға;

— құрылымдық бөлімшелердің сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы жұмысын үйлестіруге;

— нормативтік-техникалық және қала құрылысы құжаттамасы талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;

— қала құрылысы кадастрын ендіру жұмыстарын, аумақтарды бөлудің және құрылыс жүргізудің кезекші-жедел жоспарларын ұйымдастыруда қатысуға құқылы.