Өндірістік-экономикалық бөлім

Павлодар облысы сәулет және қала құрылысы
басқармасының өндірістік-экономикалық
бөлімі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Өндірістік-экономикалық бөлімі (бұдан әрі — Бөлім) Павлодар облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Бөлім өз қызметін Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы туралы ережеге сәйкес жұзеге асырады.

3. Өз қызметінде Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен өкімдерін, Павлодар облысы әкімдігінің қаулыларын және облыс әкімінің, оның орынбасарларының өкімдерін, осы Ережені, басқарма бойынша бұйрықтарды басшылыққа алады.

2. Бөлімнің құрылымы

Бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі, сондай-ақ бөлімдегі лауазымдар тәртібі басқарма бастығымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

Бөлімді лауазымына басқарма бастығымен тағайындалатын және босатылатын бастық басқарады.

3. Бөлімнің функциялары

— Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес облыс аумағында мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясатын жүргізу;

— аймақтық бағдарламаларды әзірлеу;

— бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты жинау;

— бекітілген бюджеттік бағдарламаға сәйкес жұмыстарды, қызметтерді, тауарларды мемлекеттік сатып алу бойынша тендерлерді өткізу үшін конкурстық құжаттаманы дайындау және ресімдеу;

— жұмыстарды, қызметтерді, тауарларды мемлекеттік сатып алу жөніндегі тендерлік комиссияның жұмысына қатысу;

— бекітілген бюджеттік бағдарламаларға сәйкес жұмыстарды, қызметтерді, тауарларды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды өткізу үшін конкурстық құжаттаманы дайындау және ресімдеу (хаттамаларды дайындау, үміткерлер ұсынатын конкурстық өтінімдерді жинау, сапалығы мен толықтығын тексеру);

— объектілер меен кешендердің құрылысына арналған бастапқы деректерді және сәулет-жоспарлау тапсырмаларын дайындау, жобалау-іздену жұмыстарының көлемдерін анықтау;

— облыс қалалары мен елді мекендерінде объектілердің құрылысына арналған жұмыс құжаттамасын жобалау мәселелерінде жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарын жедел басқару және техникалық көмек көрсету;

— облыс әкімі, оның орынбасарлары, басқарма басшылығы өткізетін семинарларға, мәжілістерге, коллегияларға материалдар дайындауға қатысу;

— басқармаға келіп түскен құжаттарды құжаттардың уақытында және сапалы орындалуын қамтамасыз ету, Бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер жөнінде басқарма басшылығына ұсыныстар жасау;

— жоғары тұрған ұйымдармен, кәсіпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен жетекшілік ететін мәселелер жөнінде хат жазысу;

— Бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер жөнінде азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарау.

4. Бөлімнің негізгі міндеттері

Бөлімнің негізгі міндеттері:

— сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жұмысын үйлестіру;

— сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы аймақтық салалық бағдарламаларды әзірлеу;

— заңды және жеке тұлғалардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамалық және нормативтік актілердің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыру;

— сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласына қатысты Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі мен оның орынбасарларының өкімдерінің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыру болып табылады.

5. Бөлімнің құқықтары

Бөлім өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда және қолданыстағы заңнамаға сәйкес:

— өз құзыреті шегінде Бөлімнің алдына қойылған міндеттерді орындау жөніндегі ұсыныстар және шешімдердің жобаларын әзірлеп, басқарма бастығына ұсынуға;

— Бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер жөнінде Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының, облыс әкімдігі, облыс әкімі қаулылары мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыруға;

— Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Құрылыс нормалары мен ережелері, заңнамалары нормаларының сақталуына тексеріс жасау мақсатында құрылыс салу, қайта құру және жаңарту объектілеріне баруға;

— сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілеріне бұзушылықтар анықталған жағдайда ұйғарымдар беруге, бұзушылар туралы мәліметтерді шаралар қолдану үшін бақылау органдарына жолдауға;

— құрылыс, сәулет және аумақта құрылыс жүргізу мәселелері бойынша барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды, басқа да материалдарды сұратуға және алуға құқылы.