Ұйымдастыру-кадрлар және қаржы жұмысы бөлімі

Павлодар облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының ұйымдастыру-кадрлар және қаржы жұмысы бөлiмi туралы ереже

1. Жалпы ережелер

 

1.1. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры бөлімі (бұдан әрі — Бөлім) облыс сәулет және қала құрылысы басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

1.2. Бөлім өз қызметін Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы туралы ережеге сәйкес жұзеге асырады.

1.3. Өз қызметінде Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен өкімдерін, Павлодар облысы әкімдігінің қаулыларын және облыс әкімінің, оның орынбасарларының өкімдерін, осы Ережені, басқарма бойынша бұйрықтарды басшылыққа алады.

1.4. Бөлімнің негізгі міндеті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген функционалдық міндеттер бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру болып табылады.

 

2. Бөлімнің құрылымы

 

4.1. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры бөлімінің құрылымына мынадай бөлімшелер кіреді:

ақпараттық қамтамасыз ету (кіріс ақпаратты жинау, өңдеу, кадастрлық ақпаратты тіркеу, кадастрлық құжаттарды және анықтамаларды беру);

қала құрылысы мониторингі (барлық аумақтық ақпаратты енгізіп, электрондық тірек болатын кадастрлық жоспарды жүргізу, қала құрылысы регламенттерін және сервитуттарын белгілеу);

ақпараттық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету (жалпы ақпараттық жүйені дамыту және пайдалану).

4.2. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры бөлімінің бастығы лауазымына сәулет және қала құрылысы органының басшысымен атқарушы органның келісімі бойынша тағайындалып, босатылады.

4.3. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры бөлімінің бастығы:

Осы ережемен белгіленген міндеттерді және функцияларды атқару жөніндегі қызметтің жұмысын ұйымдастырады және оған дербес жауапты;

қызметкерлердің арасындағы міндеттерді бөледі ;

сәулет және қала құрылысы органының басшысына қызмет жұмыскерлерін сыйақы беру және жазалау, материалдық көмек көрсету туралы ұсыныстар жасайды;

бағдарламалық және техникалық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы ұсыныстар дайындайды;

Мемлекеттік қала құрылысы кадастры бөлімінің мүдделерін мемлекеттік басқару органдарында, өкілетті және атқарушы органдарда, олардың құзыретіне жататын мәселелер жөніндегі ұйымдарда және мекемелерде қорғайды.

 

3. Негізгі мақсаттар мен міндеттер

 

2.1. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры бөлімінің мақсаты аумақты пайдалану, қала құрылысы қызметінің объектілері туралы ақпаратты, оның ішінде жылжымайтын мүліктер, қала құрылысы құндылықтары туралы мәліметтерді қоса алғанда, келешек қала құрылысы даму шарттары және аумақты пайдаланудың қала құрылысы регламенттері, сервитуттары туралы ақпаратты жинау, тіркеу, сақтау және тұтынушыға (пайдаланушыға) ұсыну аграрлық және кешенді ақпараттық жүйесін құру және жүргізу болып табылады.

2.2. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры бөлімінің негізгі міндеттері:

дерекқорға енгізу үшін аумақтың дамуы жөніндегі ақпаратты жинау, өңдеу;

кадастрлық ақпаратты есепке алу, маңыздандыру және талдау;

облыстың тірек кадастрлық жоспарын жүргізу;

облыс деңгейінде басқа дерекқорлармен және кадастрлармен ақпарат алмасу;

кадастрлық құжаттарды дайындау;

атқарушы өкімет және республикалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастры органдарына жиынтық кадастрлық ақпаратты үнемі жіберу;

заңды және жеке тұлғалардың көздеп отырған құрылыстарының және облыс аумағын пайдалануының өзге де құрылымдарының белгіленген қала құрылысы шарттары мен регламенттеріне сәйкестігіне өтінімдерін қарау;

аумақты пайдалану бойынша көзделіп отырған, жүзеге асырылып отырған және аяқталған құрылымдарды тіркеу;

пайдаланушылардың сұранымдары бойынша кадастрлық анықтамаларды және тірек кадастрлық ақпаратты дайындау;

аудандар (облыстық маңыздағы қалалар) мемлекеттік қала құрылысы кадастры бөлімдерінің мемлекеттік қала құрылысы кадастры ақпараттық жүйесін құру және жүргізу жөніндегі қызметіне бақылау жасау және үйлестіру;

мемлекеттік қала құрылысы кадастры жүйесін жүргізудің бағдарламалық және техникалық құралдарын қолдау;

сәулет және қала құрылысы органының басшысы бекіткен тізімдерге сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастры жүргізу жүйелеріне жеке пайдаланушылардың рұқсат етілген тікелей қол жетімділігін қамтамасыз ету;

таратылатын бағдарламалық өнімдерді бейімдеу, жеке меншік бағдарламалық шешімдерді әзірлеу;

мемлекеттік қала құрылысы кадастры жүйесін жүргізу жөніндегі нормативтік-әдістемелік ережелерді ендіру;

мемлекеттік қала құрылысы кадастры жүйесіне рұқсат етілмеген кіруден кадастрлық ақпаратты қорғау;

мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің автоматтандырылған жүйесін дамыту және жетілдіру болып табылады.

 

4. Бөлімнің функциялары

 

3.1. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры бөлімінің функцияларына:

деректер құрылымдарын, деректерді енгізу, өңдеу, сақтау және ұсыну тәсілдерін жүргізу және жетілдіру;

мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізуді бағдарламалыө-техникалық қамтамасыз ету;

облыс мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ғылыми-әдістемелік және нормативтік құқықтық қамтамасыз етілуін жетілдіру;

атқарушы органдардың және басқа да мемлекеттік қала құрылысы кадастрының пайдалалнушыларына ақпараттық-аналитикалық материалдарды дайындау;

мемлекеттік қала құрылысы кадастры ақпаратына сұранысты зерттеу;

аумақты дамытуға бағытталған өзаракелісімді ақпараттық кеңістікті қалыптастыруға қатысу;

қала құрылысы саласындағы ақпараттық өнімдер мен қызметтердің нарығын қалыптастыруға қатысу;

кадастрлық ақпаратты ұсынуға байланысты қызметтер көрсету үшін мөлшерлемелер мен төлемақылардың көлемдері туралы ұсыныстар дайындау жатады.

3.2. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры бөлімі:

атқарушы және жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан белгіленген тәртіпте мемлекеттік қала құрылысы кадастрындағы мәліметтердің тізбесіне енгізілген ақпаратты алуға;

ведомстволық қатысы және меншік түріне қарамастан заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан (жылжымайтын мүлік меншік иеленушілерінен) белгіленген тәртіпте мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу үшін қажетті материалдар мен мәліметтер алуға;

мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу үшін нақты мәліметтер алу мақсатында белгіленген тәртіпте кадастрлық ақпарат көздерінің құрылымына және объектілеріне енгізілген қандай да бір объектілерге баруға;

республикалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастры органдарына белгіленген тәртіпте кадастрлық ақпаратты жіберуге құқылы.

3.3. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес пайдаланушыларға мемлекеттік қала құрылысы кадастры деректерін нақты, толық және уақытында ұсыну үшін жауапты.

 

5. Бөлімнің құқықтары

 

Бөлім өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда және қолданыстағы заңнамаға сәйкес:

өз құзыреті шегінде Бөлімнің алдына қойылған міндеттерді орындау жөніндегі ұсыныстарын және шешімдер жобаларын әзірлеп, басқарма бастығына ұсынуға;

Бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер жөніндегі Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президент Жарлықтарының, Үкімет, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі өкімдерінің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыруға;

атқарушы өкіметтің барлық органдарынан, меншік түріне қарамастан мемлекеттік қала құрылысы кадастры кәсіпорындары мен ұйымдарынан Бөлім жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі қажетті ақпаратты, құжаттарды, басқа да материалдарды сұратуға және алуға;

тиісті лауазымды тұлғалардан жазбаша және ауызша түсініктемелер алуға;

атқарушы өкіметтің барлық органдарының ақпараттық дерекқорын пайдалануға;

басқарма басшылығына Бөлімнің жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасауға құқылы.