Вопросы противодействия коррупции

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы және 2016 жылғы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі стратегияны іске асыру жөніндегі Павлодар облысының 2015-2017 жылдарға іс-шаралар жоспарының 2, 27, 28, 29, 30-тармақтарын орындау мақсатында облыс сәулет және қала құрылысы басқармасы 2017 жылғы ІІ жартыжылдықта мынадай жұмыс атқарды:

2-тармақ бойынша

Есептік кезеңде Басқарма өкілі жұмыс тобы құрамында «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалымен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және басқа да мәселелер жөнінде іс-шаралар өткізді.

27-тармақ бойынша

Бүгінгі күні Басқарманың deparhpo.gov.kz ресми интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» арнайы бөлімі қызмет етеді.

28-тармақ бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада мемлекеттік органдар басшыларына қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қамтамасыз ету бойынша жоғары талаптар қойылған.

29-тармақ бойынша

2017 жылғы 12 айда Басқарманың қаржыландыру жоспары нақты 99,9%-ға орындалды, жоспар бойынша 66 151,0 мың теңге, 66 149,9 мың теңге нақты игерілген.

«Жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» 001-бағдарламасы бойынша 100% орындалды, жоспар бойынша сомасы 38 584,0 мың теңге болатын қаражат игерілген.

«Елді мекендердің қала құрылысы даму кешенді жоспарлары мен бас жоспарларын әзірлеу» 002-бағдарламасы 100% орындалды, жоспар бойынша 7 100,0 мың теңге игерілген.6

«Мемлекеттік органның күрделі шығындары» 004-бағдарламасы 100% орындалды, жоспар бойынша 11 507,0 мың теңге игерілген.

«Жергілікті бюджеттерден мақсатты ағымдағы трансферттер» 113-бағдарламасы бойынша 100% орындалды, жоспар бойынша 8 960,0 мың теңге игерілген.

Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша қаражат толық көлемде игерілді.

Есептік кезеңде мемлекеттік сатып алулар жоспарына сәйкес жалпы сомасы 21 089,0 мың теңге болатын 70 мемлекеттік сатып алу жоспарланды, сонда 21 046,0 мың теңге сомасына 68 мемлекеттік сатып алу орындалды, оның ішінде:

— өткізілмеген конкурстар бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен өткізілген – 2;

— конкурс тәсілімен өткізілген – 4;

— аукцион тәсілімен өткізілген – 4;

— өткізілмеген аукциондар бойынша бір көзден сатыпалу тәсілімен өткізілген – 2;

— баға ұсынымдарын сұрату тәсілімен өткізілген – 3;

— өткізілмеген баға ұсынымдарын сұрату тәсілімен бойынша бір көзден сатыпалу тәсілімен өткізілген – 1;

— тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден сатып алу тәсілімен өткізілген – 50.
Барлық жоғарыда көрсетілген мемлекеттік сатып алулар мемлекеттік сатып алулар порталы құралымен және Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алулар туралы» № 434-V Заңына сәйкес өткізілген.
2017 жылғы 25 желтоқсандағы жағдай бойынша басқарма мемлекеттік қызметшілерінің штат саны 11 бірлікті құрайды, факт бойынша – 9, 2 бос орын (төменгі лауазым) бар: D-O-4 санатты, аумақтағы құрылыс және жоспарлау бөлімінің бас маманы; D-O-4 санатты, ұйымдастыру-кадрлар және қаржы жұмысы бөлімінің бас маман-аудармашысы. Кадрлардың ауысуы бойынша: 2017 жылы өз еркімен жұмыстан босатылғандар – 2, мемлекеттік қызметті өткеру мерзімін ұзарту туралы шарт мерзімінің аяқталуына байланысты – 1, теріс себептер бойынша – 0.

30-тармақ бойынша

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Басқарма екі мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша көрсетілетін қызметті көрсетуші болып табылады:

  • «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру»;
  • «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру».

2017 жылғы 12 айда 2 өтініш тіркеліп, қарастырылды.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы және 2016 жылғы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі стратегияны іске асыру жөніндегі Павлодар облысының 2015-2017 жылдарға іс-шаралар жоспарын орындау бойынша жұмыс жалғасуда.