«Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ 2017 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

«Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – басқарма) Павлодар облысы аумағында сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

 

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Басқарма 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  • «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру»;
  • «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру».

Басқарма көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы «Сәулет және қала құрылысы салысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» № 142/5 қаулысымен (өзгерістер облыс әкімдігінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 410/6 қаулысымен енгізілген) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттері әзірленіп, бекітілді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі «Діни салада мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» № 147 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары бекітілді.

2017 жыл қорытындысы бойынша басқарма 2 мемлекеттік қызмет көрсетті:

  1. Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің Береке ауылында ғибадат үйі (ғимараты) – мешітті салу туралы шешім;
  2. Павлодар қаласындағы тұрғын үйді Павлодар қаласындағы «Өмір бұлағы» Христиандық Інжілдік Елуліктер Шіркеуі» ЖДБ ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім.

Осы мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілмейді. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдерін бұзушылықтар болған жоқ.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту жағдайлары болған жоқ.

Басқармаға көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдары келіп түскен жоқ.

 

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Басқарманың ресми интернет-ресурсында (deparhpo.gov.kz) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары, регламенттері және паспорттары орналастырылған, олар облыс қалалары мен аудандарының сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне жеткізілген, басқармада ақпараттық стендтер орнатылған.

Халыққа кедергісіз қызмет көрсету және көрсетілетін қызметті алушыларға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға қажетті жағдай жасау мақсатында басқарманың 2-қабатында орналасқан қабылдау бөлмесінде арнайы орын жабдықталған (интернетке қосылған компьютер, принтер).

 

4) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының барлық жобалары басқарманың сайтында (deparhpo.gov.kz) жария талқылау рәсімін өткізу үшін заңнамамен белгіленген мерзімде орналастырылды. Жария талқылаулар нәтижелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларына қандай да бір ескертпелер мен ұсыныстар түскен жоқ.

 

5) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

2017 жылғы 18 тамызда басқарма қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген 2017-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаты тұжырымдамасын талқылау бойынша «Павлодар облысының дін істері жөніндегі басқармасы» ММ өткізген Діни бірлестіктер басшылары клубының отырысына қатысты.

 

6) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

2017 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілігін арттыру курстарынан, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі тұлғалармен қарым-қатынас дағдыларына оқытудан өткен тұлғалар жоқ.

Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне жауапты тұлғалар тұрақты негізде «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК-ның  Павлодар облысы бойынша филиалының кестесіне сәйкес біліктілігін арттыру курстарында оқытылатын болады.

 

7) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Басқарма мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылауды тұрақты негізде жүзеге асыруда. Павлодар облысы әкімі апаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және ақпараттық технологиялар бөліміне апта сайын, тоқсан сайын және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментіне тоқсан сайын мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жөніндегі есеп жіберіліп отырады.