Жоба
Павлодар облыстық мәслихатының
(VI сайланған XXІ сессия)
ШЕШІМІ
№ /21
Павлодар қаласы 2018 жыл
Павлодар облысының жасыл екпелерін
күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларын,
Павлодар облысының қалалары
мен елді мекендерінің аумақтарын
абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1638 болып тіркелген) сәйкес Павлодар облысының мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
- Мыналар:
1) Павлодар облысының жасыл екпелерін күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидалары;
2) Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидалары бекітілсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы М. Стрелковская
Облыстық
маслихаттың хатшысы Б. Бексеитова
1-қосымша | Жүктеу |
2-қосымша | Жүктеу |