Главная ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ УПРАВЛЕНИЯ Государственная служба Отчет по состоянию кадров на 01.01.2019 г.
Отчет по состоянию кадров на 01.01.2019 г.

Облыс сәулет және қала құрылысы басқармасы 2018 жылғы 4 тоқсан-дағы мемлекеттік қызметтің кадрлар жай-күйі мониторингісі бойынша статистикалық есепті қоса беріліп отырған нысандарға сәйкес жолдап отыр.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша басқарма мемлекеттік қызметшілерінің штат саны 11 бірлікті құрайды, факт бойынша – 11.

Кадрлардың ауысуы бойынша

  • Есептік кезеңде өз еркімен жұмыстан босатылғандар – 0.

         Басқа мемлекеттік органда басқа лауазымға тағайындалғанда жұмыстан босатылғандар – 1 (А.М. Омаров, 2018 ж. 12.02. № 5.1-01/9 бұйрық).

  • Теріс себептер бойынша – 0.

Конкурстар бойынша

Ағымдағы жылғы 12 айда барлығы 5 конкурс kyzmet.gov.kz, deparhpo.gov.kz ресми интернет-ресурстарында жарияланып, өткізілді, оның ішінде:

  • ішкі конкурстың І кезеңі (басқарма мемлекеттік қызметшілері арасында) – 2;

- жалпы конкурс (төменгі лауазымдарға) – 3.

Ағымдағы жылғы 1 тоқсанда 2018 ж. 10.01.-25.01. кезең аралығында D-O-4 санатты, аумақтағы құрылыс және жоспарлау бөлімінің бас маманы (лауазым индексі № 2-2-1-1) бос лауазым орнына жалпы конкурс нәтижелеріне сәйкес Б.Қ. Кундулин қабылданды.

Ағымдағы жылғы 4 тоқсанда 2018 ж. 11.10.-19.10. кезең аралығында өткізілген ішкі конкурстың (І кезең) нәтижесінде қала құрылысы қызметін мониторингілеу бөлімінің басшысы Ш.Қ. Нұрмағанбетов санаты бойынша бір мәнді D-O-3 санатты, мемлекеттік қала құрылысы кадастры бөлімінің басшысы (лауазым индексі № 2-4-1) болып тағайындалды.

Сонымен қатар 2018 ж. 24.10.-01.11. кезең аралығында D-O-4 санатты, әкімшілік бөлімнің бас маманы А.Б. Шарбанов ішкі конкурстың бірінші кезеңінде меритократия принципі бойынша D-O-3 санатты, қала құрылысы қызметін мониторингілеу бөлімінің басшысы (лауазым индексі № 2-3-1) бос лауазым орнына тағайындалды.

2018 ж. 16.10.-30.10. кезең аралығында D-O-4 санатты, әкімшілік бөлімнің бас маманы (лауазым индексі № 2-5-1-1) бос лауазым орнына жалпы конкурс нәтижелеріне, конкурстық комиссия отырысының қорытынды хаттамасына сәйкес Б.Қ.Сарманова қабылданды.

2018 ж. 29.11.-21.12. кезең аралығында D-O-4 санатты, әкімшілік бөлімнің бас маманы (лауазым индексі № 2-5-1-2) бос лауазым орнына жалпы конкурс нәтижелеріне, конкурстық комиссия отырысының қорытынды хаттамасына сәйкес А.Б. Машрапова қабылданды.

Арнайы тексеріс бойынша

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің 2018 ж. 23.09. № 33/2/3/2676, № 33/2/3/2677 қбпү хаттарының негізінде алынған оң арнайы тексеріс нәтижелері бойынша А.Б. Шарбанов пен Б.Қ. Кундулинге 2018 жылғы 24 желтоқсанға дейін сынақ мерзімімен тағайындалған (2018 ж. № 5.1-01/23, 24 бұйрықтар).

2018 жылғы 12 қарашадағы № 2/1-09/602 хатқа сәйкес әкімшілік бөлімі бас маманының м.а. Б.Қ. Сарманованың құжаттары арнайы тексеріс жүргізу үшін ҰҚКПОД-ға тапсырылды.

Оқыту бойынша

2018 жылғы І, ІІ жартыжылдыққа арналған оқытудың, қайта даярлаудың бекітілген кестелеріне сәйкес бас маман А.Қ. Ақпанов 2018 ж. 11.06.-13.06., бас маман А.О. Нұрғалиева 2018 ж. 10.09.-14.09., бас маман Б.Қ. Кундулин 2018 ж. 19.11.-07.12. мерзімінде МБА Павлодар филиалында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, қайта даярлау курсында оқытылды.

Тәртіптік практика бойынша

Ағымдағы жылғы 3 тоқсанда басқарманың 2 мемлекеттік қызметшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылған:

- ҚР Бас прокуратурасының ҚСжАЕжАК Павлодар облысы бойынша басқармасы ұйғарымының негізінде аумақтағы құрылыс және жоспарлау бөлімінің басшысы Ж.М. Әшірбекке заңды тұлғалардың өтініштеріне берген жауапта ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы 10-бабының 1-тармағына сәйкес қабылданған шешімге шағым жасау құқығы нормасына сілтеме жасауды сақтамағаны үшін ескерту түрінде (2018 ж. 03.08. № 1-04/34 бұйрық);

- облыс әкімінің аппаратының 2018 жылғы 12 қыркүйектегі № 2-06/2047 хатына сәйкес әкімшілік бөлімнің басшысы К.Т. Балтабаеваға «Е-қызмет» ЫАЖ-ды кадрлық іс жүргізуде толық пайдаланбағаны үшін ескерту түрінде тәртіптік шара қолданылған (2018 ж. 14.09. № 1-04/37 бұйрық). Ағымдағы жылғы 4 тоқсандағы жағдай бойынша олардан аталған бұзушылықтар үшін тәртіптік шаралар әлі алынып тасталған жоқ.

Ақпарат тәртібінде жіберіліп отыр.

 

 

Прочтите так же

Сведения по обеспеченности генеральными планами населенных пунктов области по состоянию на конец 2018 года